Ардагерлердің ұсыныстары назарға алынды
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырмасымен "Аудандық әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруындағы "Еңбек елдің мұраты" атты кездесу өтті. Бұл жолы кездесуге денсаулық сақтау саласының ардагерлері қатысты. Жалпы ардагерлер - өмірдің ыстығы мен суығын қатар көріп, көптеген қиындықтықтармен бетпе-бет кездесіп, көптеген мәселелердің түйінін шешкен. Қазіргі буынның алдыңғы буын ардагерлерлерден алар сабағы өте көп. Сондықтан да өскелең ұрпақ пен аға буын арасында ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырған аса маңызды.
Кездесу барысында олар аудандағы өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынды. Жиында ардагерлердің ұсыныстары назарға алынды. Алдағы уақытта осындай жиындар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Әр кездесуге әр түрлі сала мамандары қатысып, сол салаға қатысты проблемаларды көтеріп, оның оңтайлы шешімін іздейді. Бұндай кездесулердің ауданның әлеуметтік мәселелерін шешіп, руханиятын дамытуда маңызы өте зор.