Созақтық ардагерлерге құрмет көрсетілді

Oinet.kz 17-06-2021 994

«Ел қариясы – ел қазынасы. Елдің қазынасына айналған қарияларымызға деген құрмет маңызды. Себебі, қоғамның дамуы адам еңбегінің жемісі деп есептесек, елінің болашағы үшін еңбек еткен азаматтар құнды әрі қадірлі. 

image.png

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Еліңді құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» - деп атап көрсеткен болатын. Елінің болашағы үшін аянбай еңбек еткен ардагерлерімізге құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың басты борышы. Осы борышты қалтқысыз орындаудың өзі абыройлы іс  болмақ. 

Осыған орай, Созақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен әртүрлі салада еңбек еткен ардагерлер күннен күнге түрленіп, дамып келе жатқан Түркістан қаласына экскурсия жасады. Ардагерлерді аудан әкімі С. Полатов ақ жол тілеп, шығарып салды. 

image.png

Қариялар бірінші зияратын Қожа Ахмет Яссауидің бабасы Ысқақ бабтың кесенесінен бастап, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейін, Арыстан баб кесенесін, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейін, Керуен сарай және орта ғасыр мәдениетінен хабар беретін архитектуралық нысандарды аралады. Заманауи технологиялармен жабдықталып, жаңа құрал-жабдықтармен әспеттелгенн қала көркін тамашалаған ардагерлер Рухани астанаға оң бағаларын берді.

image.png

Көркейген шаһарды күн ұзаққа аралаған ардагерлер дамудың оң нәтижелеріне дән риза болып, сапар барысында жанында жүрген аудан әкімдігі қызметкерлеріне алғыстарын айтып, жүрекжарды лебіздерін білдірді. 

Мақтааралда Абай Құнанбаевтың алып ескерткіші бой көтерді
Қайырымдылық – қайырлы іс!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу