Мақтааралда Абай Құнанбаевтың алып ескерткіші бой көтерді

Oinet.kz 17-06-2021 1676

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында: "Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді" - деп атап, ұлы тұлғаларымызға деген құрмет бүгінгі ұрпақтың басты міндеті екенін ескертті. 

image.png

Осы орайда, тұлғаларға деген құрметтің негізі ретінде Мақтаарал ауданында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның ескерткіші бой көтерді. Қазақтың бас ақынына арналған ескерткіштің салынуына Мақтаарал ауданына қарасты Достық ауылдық округі Ж.Қалшораев елді мекеніндегі Қ.Әбдалиев жалпы орта мектебінің 2000 жылы оқу бітірген түлектері себепкер болды. Осылайша биылғы жылы 20 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан түлектер өзара ауызбірішілігі мен ынтымақтастығын көрсете білді. Бұған дейін, түлектер туып-өскен ауылдарына заманауи аялдаманың құрылысын жүргізіп, сыйға тартқан. Сонымен қатар, мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, стадион мен автотұрақты да салып берген.

image.png

Ауыл халқының басын қосқан аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова мен Достық ауылдық округінің әкімі Талғат Абибуллаев қатысып, туған жеріне жанашырлық пен белсенділік танытып жүрген түлектерге үлгі боларлық істері үшін алғыстарын айтты. Бұл тілекке ауыл ақсақалдары мен ауыл билері қосылатынын жеткізіп, шексіз ризашылықтарын білдіріп жатты. 

image.png

Аталмыш іс-шара барысында мектеп оқушылары ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып, көрермендерге паш етті. 

image.png

Мұқтаж отбасыға жерлестері баспана сыйлады
Созақтық ардагерлерге құрмет көрсетілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу