Тарихи қалашыққа бару жеңілдейді

Oinet.kz 28-08-2021 874

Screenshot_10.jpg

Арыстанбаб жерленген Отырар ауданы күллі Түркі жұрты үшін қасиетті мекен. Мұнда жыл он екі ай зиярат етуші адамдар келеді. Олар баба рухыына тағзым етіп, Жаратушыдан көмек сұрайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында еліміздегі киелі жерлерді сақтау керектігін, туған жерді ұмытпау керектігін нықтап тапсырған болатын. Осы орайда Түркістан облысын да "Рухани жаңғырудың" "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында облыстық, ауыларалық жолдар жөндеуден өтуде. Жолдар жөнделіп тұрғындарға екі ортада қатынау оңай болмақ. 

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «АҚ-ЖОЛ» ЖШС мердігер мекемесі облыстық маңызы бар КХ-105 «P-31-Кентау-Түркістан-Арыстанбаб-Шәуілдір-Төрткүл-Талапты» автомобиль жолының 16,9 шақырымы орташа жөндеуден өтеді. Жол жөндеу жұмыстары келесі жылға өтпелі. Бекітілген сметалық кұжаттамаға сәйкес, жол бойындағы ескі су өткізгіш құбырлар ауыстырылады. 12 шақырым жолдың ескі асфальт жабыны бұзылып, екі қабат асфальт салынатын болады. Сондай-ақ, қалған 4,9 шақырым жолдың үстіне тегістеуші қабат (выравнивающий слой) пен майда түйіршікті асфальтобетон жабынын төсеу қарастырылған.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты түрде бақылауға алынған.

Нәтижесінде киелі мекендерге қатынау жеңілдей түспек.

«Түркістаным - Мысыр шаһарым» әдеби кеші өтті
Түлкібас жастарына туған жер тарихы насихатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу