Түлкібас жастарына туған жер тарихы насихатталды

Oinet.kz 26-08-2021 842

Screenshot_11.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласында: "Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек" - деп атап, төл тарихымызға құрмет, бүгінгі жастардың басты міндеті екенін баса айтты. Сол аманатты адал орындай білу басты парыз.

Осы орайда Түлкібас жастарына туған жер тарихы насихатталды. Бүгін аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясына орай,  «Рухани сапар» атты экскурсиялық іс-шарасы өткізілді. Іс- шара барысында аудандағы еңбегі сіңген ерікті жастарды қолдау мақсатында Түркістан қаласына яғни киелі орындарға саяхат ұйымдастырылды.

Саяхат барысында Түлкібас ауданындағы «Түркібасы Әулие»,  Бәйдібек ауданындағы «Домалақ Ана» кесенесіне,  Түркістан қаласындағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенелеріне және «Керуен Сарайына»  экскурсия жасалып кесенелердің тарихтары таныстырылды.

Сонымен қатар Түркістан қаласында саяхатқа қатысушы белсенді жастарға арнайы естелік сыйлықтары табысталды. Экскурсияның мақсаты жастардың арасында туған жерге деген патриоттық сезімді ояту.

Тарихи қалашыққа бару жеңілдейді
«Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында шардаралықтар қуанышқа бөленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу