Қайырымдылық – қайырлы іс!

Oinet.kz 08-06-2021 731

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында туған жерге ерекше тоқталып өтті. "Басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек. Жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек" - деп жазған болатын.

image.png

Елбасы мақаласына орай, жер-жерде туған жеріне қайырымдылық жасаушылар саны артты. Осы мақсатта жақында аудан кәсіпкерлерінің «Aidyn Nury» қайырымдылық қорымен бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде көп балалы отбасыға 5 бөлмелі үй тарту етті. Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны көп балалы ана Байниетова Салтанаттың осы күнге дейін өзінің жеке тұрғын үйі болмаған, 9 жылдан бері 4 баласымен табылған баспананы паналап келген. 

image.png

Қайырымдылықтың қайырын көрген отбасы кәсіпкерлер мен қайырымдылық қорына ерекше алғыстарын білдіруде. Расында, қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Әсіресе, мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі басты парыздардың бірі саналады. Сол себепті, әр адамның қайырымдылық істеріне араласуы, шын ниетімен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі жақсы істің нышаны. 

image.png

Созақтық ардагерлерге құрмет көрсетілді
Сарыағаштық қариялар жаңарған Түркістанды аралады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу