72 жастағы ішкі істер ардагері алтыдағы немересін зорлаған

Oinet.kz 08-12-2021 2682

Сондай оқиғаның бірі бұрынғы ІІМ қызметкерінің отбасында болған. Ел сыйлайтын 72 жастағы азамат 6 жасар жиен немересін зорлаған, деп хабарлайды Oinet.kz baigenews.kz сайтына сілтеме жасап. 

image.png

- «Атасы туған немересін зорлаған. Ол өмір бойы құқық қорғау органдарында, тергеу изоляторының күзетшілігінде жұмыс істеп, зейнетке шыққан. Сол күні мас күйде үйіне келген. Үйде әйелінен бөлек, қызы мен немересі тұрған. Қызы күйеуімен ажырасып, ата-анасының үйіне қайтып келген. Ер адам үйіне келгенде қызы болмаған, жұбайы ұйықтап жатқан. Ал немересі теледидар көріп отырған. Сол сәтті пайдаланып, 6 жасар балаға сексуалдық зорлық көрсеткен. Сотта күдікті отбасында үйге байланысты жанжал болғанын дәлелдеуге тырысты. Үй оның атына жазылған.  Ал қызы мен әйелі бірігіп, оның баспанасын тартып алмақ болған», – деді Түркістан облысы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соттың судьяся Дәурен Мадалиев. 

Алайда күдікті алқабилерді сендіре алмады. Барлық айғақтар оның қылмыс жасағанын көрсеткен. 

- «Баладан психологтың қатысуымен жауап алынды. Ол тиянақты жауап берген. «Мен мультфильм көріп отырғанда, атам келді. Мені жатқызып, сондай жасады…» Ал баланың анасы сотта: «Әдетте мен үйге келгенде балам алдымнан жүгіріп шығып: «Не әкелдің?» деп сұрайды. Бұл жолы көңілсіз отырды. Не болғанын сұрағанымда үндемей, жылады. Кейін айтып берді», * деген. Ол тез арада дәрігер туысына барған. Ол ақылы түрде тексеруден өтуге кеңес берген. Дәрігер баланың артқы жағының зақымдалғанын анықтаған», – деді судья. 

Дәурен Мадалиевтің айтуынша, сот отырысына күдіктінің бұрынғы әріптестері келіп, оған оң бағасын берген. Адал азамат екенін атап өткен.

30 жылдыққа – 30 қойылым тарту етілуде
«Кітап оқу және жылдам оқу құпиясы» атты семинар-тренингі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу