«Кітап оқу және жылдам оқу құпиясы» атты семинар-тренингі өтті

Oinet.kz 09-12-2021 809

Screenshot_1.jpg

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» Қоғаммен байланыс және ақпаратты талдау бөлімінің және Абай ауданы жастар орталығының ұйымдастыруымен «Кітап оқу және жылдам оқу құпиясы» атты семинар-тренингі өтті.

Курстың негізгі мақсаты: Жастарды кітап оқуға шақыру және оқу жылдамдығын арттырып, рухани дамуға жол ашу. Кітап оқу адамның санасына ғана емес, сонымен қатар денсаулығына да оң әсерін тигізеді. Оқу барысында, адамның бойында ерекше өзгерістер байқалады. Тарихта кітапты жылдам оқумен ерекшеленген тұлғалар аз емес. Жылдам оқу әдісін дамыту арқылы адамның түрлі қабілеті ашылуы мүмкін. Бұл әдісті адам кез келген жаста меңгере алады. Сондықтан жастарды кітап оқуға шақыру.

Семинар-тренингке «Жылдам оқу» жобасының тренері Аружан Өскенбай және Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі мен Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің кітап оқуға қызығушылығы бар жастары қатысты.

Тренинг барысында жылдам оқудың құпиялары жайында түрлі жаттығулар жасатып, нәтижесінде жастар минутына 180-230 ға дейін оқу жылдамдықтарын арттырды.

72 жастағы ішкі істер ардагері алтыдағы немересін зорлаған
«Тәуелсіздік шежіресі» атты әдеби автобус ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу