Халық санағы не үшін қажет

Oinet.kz 12-10-2021 1443

Screenshot_1.jpg

Алдағы халық санағының құндылығы оның Қазақстан Республикасының халқы бойынша нақты ахуалды біліп қана қоймай, демографиялық, әлеуметтік және саяси өмірдің көптеген аспектілері бойынша ахуалды болжауға мүмкіндік береді. Халық санағының ел үшін айрықша маңыздылығы, ең алдымен, жалпыға бірдей қамту мен ауқымды бағдарламаның арқасында – тұтастай ғана емес, оның әрбір әкімшілік-аумақтық бірлігінің халқы туралы әртүрлі ақпараттың баламасыз көзі болып табылатындығымен айқындалады. Халық санағы елдің ұлттық статистикалық жүйесінің құрамдас бөлігі және ажырамас бөлігі, халық және оның тұрғын үй жағдайлары туралы деректердің негізгі көзі болып табылады.

Халық санағының қорытындылары елде санақ аралық кезеңде болған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді. Халық санағы барысында алынған статистикалық деректер барлық деңгейдегі бюджеттердің барынша объективті қалыптасуына негіз болады.

Экономика мен бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және дамыту үшін халық санағының ақпараттық деректері қажет, олар тұрғын үй салу және бөлу жөніндегі, демографиялық және көші-қон процестері жөніндегі, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала жөніндегі бағдарламаларды дамытуға және жұмыс орындарын құруға көмектеседі. Халық санағы жұмыс орындары, еңбек ресурстары туралы толыққанды көрініс береді, ал бизнес үшін – түпкілікті тұтынушы туралы маңызды және нақты көрініс береді. Ұлттық халық санағына қатысатын әрбір азамат мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге елеулі және құнды үлес қосады.

Ұлттық халық санағын өткізу мерзімдері мен кезеңдері

2021 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағын өткізу уақыты мен кезеңі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №419 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында елімізде Ұлттық халық санағы өткізу жоспарланған. 

Ұлттық халық санағына дайындық 2021 жылы маусым айының 1 мен 30 аралығында өтті. 

Ал негізгі санақ 2021 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 30 қазан дейін жалғасады. 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында, яғни алғашқы 45 күнде респонденттер өзі және отбасы мүшелерін интернет желісі арқылы онлайн-санақтан арнайы sanaq.gov.kz сайты арқылы санақ парақтарын өз бетінше толтыра отырып, санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап беру мүмкіндігіне ие. 

Сонымен қатар, egov.kz электронды үкімет платформасы арқылы және мобильді азаматтар үшін «Aitu» мобильді қосымшасы арқылы Ұлттық санаққа қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

Дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында жүргізіледі. Арнайы оқудан өткен интервьюерлер санитарлық талаптарды сақтай отырып, электронды планшеттерді пайдалану тұрғын үйлерді аралау арқылы сауалнама жүргізеді.

 Планшетті қолдану - бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, ЖСН-ін енгізе отырып, санақ мәліметтерінің нақтылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңселік құралдарды айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ, интервьюерлер үшін қолайлылық пен олардың жинақылығын арттыруға мүмкіндік береді. Санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысушының ЖСН-і қолданылады. Бұл ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді. 

Халық санағының логотипі

2021 жылы Ұлттық халық санағын өткізу кезінде визуалды фирмалық стильді қалыптастыру мақсатында Ұлттық халық санағының логотипі мен ұран сөзі әзірленіп, бекітілді. Логотип санақ персоналында, билбордтарда, баннерлерде, жарнамалық кампанияларда, кеңсе тауарларында, SANAQ веб-сайтында және барлық  «2021 жығы халық санағына» қатысты іс-шараларда қолдануға арналған.

«Қазақстан Республикасы ұлттық халық санағының» логотипі бір шаңырақ астындағы халықтың бірлігі мен отбасылық құндылықтарын білдірсе, қолдарын жоғары көтерген «адамдардың бейнелері» санақтың ашықтығын, қауіпсіздігі мен маңыздылығын білдіреді.

Санақтың ұрансөзі: «Қазақстанда әркім маңызды! 

В Казахстане каждый важен!»

Ұлттық санақ кезінде арнайы call-орталығы жұмыс жасайды

Ұлттық халық санағы кезінде «1446» бірыңғай call-орталығы жұмыс жасайды. «1446» - елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін бірыңғай нөмір болады. Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін және 24 сағат туәлігіне жұмыс жасайды. 

Ұлттық халық санағы кезіндегі халықты жұмыспен қамту

Шымкент қаласы бойынша 176 нұсқаушылық және 1207 санақ учаскесі құрылып, ондағы санақ персоналы тікелей халық санағын өткізу жұмыстарын жүргізуде. 

Халық санағын жүргізу кезінде интервьюерде өзімен бірге:

Аумақтық статистика органының қолы қойылған және мөрі басылған, фотосуреті бар, аты-жөні жазылған, берілген күні мен қолданылу мерзімі көрсетілген интервьер КУӘЛІГІ;

Халық санағының символикасы бар көк түсті МОЙЫН ОРАҒЫШ;

Халық санағының символикасы бар көк түсті СӨМКЕ;

Сауалнама жүргізуге арналған ПЛАНШЕТ болады.

Тұрғын үйлерге барған кезде интервьюерлерде халық санағының логотипі бар куәлік, сөмке, мойын орағыш болуы міндетті. 

Сондай-ақ, халық санағын өткізу мерзімінде жоғарыда аталған атрибутқа сәйкес жабдықталған санақ персоналына қоғамдық көліктерде тегін жүру қарастырылған, бұл ретте тек санақ персоналы күәлігін көрсетсе жеткілікті.

Ардагерлердің ұсыныстары назарға алынды
Қала әкімінің орынбасары халық санағына жауапкершілікпен қарауға шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу