Пайда ойлама, ар ойла

Oinet.kz 12-10-2021 1043

Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абай ілімі бүгінгі бірқатар бағыттарға орайлас келеді. Заман талабына сай білім алу интеллектуалды ұлт қалыптастыруға жол ашады. Екінші, тәрбие мәселесі. Сондықтан, өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт берген жөн. Ақынның «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деген өсиетін әрдайым санаға сіңіру қажет», - деп атап өткен болатын.

Screenshot_13.jpg

Ұлы Абайдың осы тақырыбын кеңінен ашу мақсатында, бүгін Ордабасы ауданы«Жастар сарайында» мемлекеттік қызметшілердің(құқық қорғау органдары, білім саласы) және студенттердің қатысуымен «Пайда ойлама, ар ойла» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді.

 Одабасы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мейрамбек Ақмұратов өз сөзінде, жастарға кеңес ретінде: 

«Ендігі мақсат қай салада болмасын әдептілікті сақтау, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу және жою профилактикасында Абай атамыздың мұралары пәлсапалық ой-пікірлері мен қара сөздерінің орны ерекше. Оның өз заманында ұлт тәрбиесі мен қазақ халқының болашағы туралы айтқан тұжырымдары күні бүгінге дейін мәнін жоймай, әлі талай ғасыр халқымызға рухани азық болары анық»-деді.

Қаланың өркендеуіне үлес қосқандарға құрмет көрсетілді
Ардагерлердің ұсыныстары назарға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу