Динара мен Дариғаның байлығы көбейген
17-05-2023
Кезінде Мәдениет және спорт министрлігін басқарған, бүгінде Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың анасы туралы кітап жазғанын айтты. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Еске сала кетейік, кітап жыл басында жарық көрді. Шығарма бірнеше бөлімнен тұрады. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың анасы Әлжан Назарбаева, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің анасы Мария Путина, атақты ғалым Томас Эдисонның анасы Нэнси Элиот, Түркия Республикасының негізін қалаушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің анасы Зүбейда ханымға арналған бөлімдері бар.
- "Кемеңгер тұлғалардың Ұлы аналары" кітабы 3 тілде шықты. Ағылшынша, орысша, қазақша. Бұны шетел азаматтары оқиды. Американдар Джордж Вашингтонның, француздар Шарль Де Гольдің, бразилиялықтар Пеленің анасы туралы оқиды. Сонда олар біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың да анасы Әлжан туралы оқиды. Кітапты ашып қарасаңыз, дүниежүзінің ұлы тұлғаларының аналарының ішінде қазақтың да анасы жүр. Менің алға қойған мақсатым сол болды. "Апырмай, АҚШ, француз аналарының ортасындада қазақтың да анасы жүр екен ғой" деп оқыған кезде үйрене бастайды. Ал Нұрсұлтан Назарбаевты насихаттаудың керегі жоқ, оны дүниежүзінің барлығы біледі. Менің мақсатым - осындай үлкен туындылар арқылы қазақтың әрбір азаматын дүниежүзіне паш ету, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.