Арыстанбек Мұхамедиұлы енесімен 30 жыл бірге тұратынын айтты

Oinet.kz 27-04-2021 2552

Кезінде Мәдениет және спорт министрлігін басқарған, бүгінде Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 30 жылдан бері енесімен тұратынын айтты. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

 67d33c0da0fab9f68bb408a481220f1a.jpg

- Үйіміздің аумағы - 540 кв метр. Мен осы үйде енеммен 30 жыл бірге тұрып келе жатырмын. Өте еңбекқор кісі. Тату-тәтті тұрып жатырмыз. Шүкіршілік. Бір-бірімізге сыйластығымыз жақсы. Бұл да қарым-қатынастың көрінісі ғой. Біз неге бұдан ұялуымыз керек? - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Осы бағдарламада экс-министр бүгінгі күнге дейін жиып-терген бүкіл байлығын 2000 жылдары өз еңбегімен тапқанын жасырмай айтты.  

- Мен жастайымнан еңбекқормын. Жұмыс істедім. Біз бірінші рет астанаға көшіп келгенде 2000 жылы әйеліммен бірге "Якутские бриллианты" деген бірінші дүкенімізді ашқанбыз. Үлкен ағасы Якутияда тұратын. "Intercontinental" деген қонақ үй ашылып жатыр еді сол уақытта. Соның ішінен жалға алып, іс бастағанбыз. Енді шүкіршілік, ары қарай тағы да ұсыныстар болды. Менің әйелім тек үйде отыруы керек пе? Егер мен заң бұзсам, міндетті түрде шығар еді, - деді ол. 

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады
Экс-министр Елбасының анасы туралы кітапты не үшін жазғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу