Жәнібек Әлімханұлы жарақат алып қалды
Қазақстандық орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) 27 ақпанда Алматыда өтетін бокс кешіне қатыспайды, деп хабарлайды Oinet.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Спортшының командасы мәлімдегендей, Жәнібек жаттығу кезінде жарақат алып, жарыстан шықты.
Енді қазақстандықтың рингке оралуы көктемнің соңында немесе жаздың басында болады деп күтілуде. Жәнібек Әлімханұлының ақпан айындағы жекпе-жегі бойынша қарсыласы әзірге белгісіз.