Бүгін Әлия Назарбаеваның туған күні

Oinet.kz 03-02-2021 927

Осыдан 40 жыл бұрын (1980) Қазақстан Экология ұйымдары қауымдастығының президиум төрағасы, Қазақстан Республикасының өнер және мәдениет саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаева дүниеге келген. Алматы қаласында туған. 

Әлия Назарбаева.jpg

Фортепиано сыныбы бойынша Күләш Бәйсейітова атындағы республикалық музыка мектебін, Лондондағы Ричмонд университетінің халықаралық құқық факультетін, Вашингтондағы университеттің халықаралық құқық факультетін, заңгер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған. Еңбек жолы: «Еуропа плюс» радиосы директорының көмекшісі, «Тұран Әлем» банкінің заң департаментінде сынақ мерзімінен өтуші, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлім кеңесшісі, «Алматыфарм» корпорациясының президенті, «Caspian Indutries Ltd» ЖШС-нің бас директоры, «Элитстрой» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы қызметтерін атқарды. 2018 жылы «Анаға апарар жол» фильмінің продюсері ретінде Қазақстан Республикасының өнер және мәдениет саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазіргі лауазымын 2017 жылғы қарашадан бері атқарып келеді.

Танымал жазушы өмірден озды
Жәнібек Әлімханұлы жарақат алып қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу