Ғалымдар адамдардың неліктен өз туған күнінде жиі көз жұматынын айтты

Oinet.kz 29-06-2022 1419

Ресей денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық наркология ғылыми орталығының ғалымдары адамдардың туған күнінде болатын өлімінің жиі себебі алкоголь екенін анықтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме тастап.

Screenshot_14.jpg

Өзге күндерге қарағанда туған күн кештерінде адамдардың 24 пайызы алколгольді ішімдіктен уланып қайтыс болатыны анықталған. 

Сарапшылар Ресейде 2011 жылдың 1 қаңтарынан  2019 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі қайтыс болған 16,77 миллион адамның деректерін талдап, туған және қайтыс болған күндерін салыстырды. Содан кейін өлімнің әртүрлі себептері есептелді.

Зерттеу барысында алкогольден уланудан болатын өлім-жітімнің себептері, кісі өлтіру 25 пайызға жоғары, өзін-өзі өлтіру 9 пайыз, қан айналымы жүйесі, тыныс алу және ас қорыту ауруларының салдарынан көз жұматыны белгілі болды.

Жапон ғалымдары өзге ғаламшарлықтар бар екенін растайтын мәліметтерді ұсынды

Бірақ мамандардың пікірінше көп өлім салдарына әкелетін мереке бұл жаңа жыл. Қаңтардың алғашқы күндерінде әртүрлі себептермен артық өлім-жітім туған күнге қарағанда екі-төрт есеге жоғары болады.

"Туған күндерде болатын өлім көрсеткіші жаңа жыл мен өзге мерекелерге қарағанда аралық орынды алады", — деп түсіндірді зерттеушілер.

Байқамай өз ата-анасын өлтіріп алып ерте үзілген қыз ғұмыры
"Еркектерде ұят қалмады": Палау басатын еркектің жан сыры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу