Қазақстандың ең бай миллиардер қайтыс болды

Oinet.kz 03-02-2021 1316

Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі Әлижан Ибрагимов Бельгияда қайтыс болды. Ол 66 жаста еді. 

Әлижан Ибрагимов.jpg

24.kg қырғызстандық агенттігінің мәліметінше, Ибрагимов ұзақ уақыт бойы комада жатқан. Өлімнің алдын ала себебі- коронавирус инфекциясы. 

Ибрагимов (Тоқмақ Графы атымен танымал) Өзбекстанның Ферғана облысында дүниеге келген. Қырғызстанның Шу облысында Тоқмақ қаласында өмір сүрген. Әлижан Ибрагимов Қазақстанның ең бай бес кәсіпкерінің қатарына кіреді. Оның байлығы 900 млн долларды құрайды. Марқұм Eurasian Resources Group (ERG) - тің (20,7 пайыз) тең иесі болған, оның серіктестері Александр Машкевич пен Патох Шодиев еді.

Жәнібек Әлімханұлы жарақат алып қалды
Тоқаев Экология министріне маңызды тапсырма берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу