Әлімханұлы Головкинге қарсы жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) танымал отандасы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Боксшының айтуынша, Головкин - оның ағасы. Ал Қазақстанда үлкенді сыйлау - дәстүр.
- "Жанкүйерлер менен GGG-ді неге жекпе-жекке шақырмайтынымды сұрайды. Жауап берейін. Ол - менің ағам. Қазақстанда үлкендерді құрметтеу керек, бұл біздің дәстүр. Кейбір жанкүйер мұны түсінбейтін шығар. Бірақ дәстүрді құрметтеу керегін бәрі біледі. Бұл - қазақ стилі", - деп жазды Әлімханұлы Twitter желісіндегі парақшасында.
Геннадий Головкин - орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Әлімханұлы да орта салмақта өнер көрсетеді.