Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды

Oinet.kz 19-07-2021

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өз санатындағы әлем чемпионы титулы үшін тағы да айқасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz боксшының желідегі парақшасына сілтеме жасап. 

Жәнібек Әлімханұлы.jpg

Қазіргі кезде орта салмақта Джермалл Чарло (WBC) мен Деметриус Андраде (WBO), қазақстандық Геннадий Головкин (IBF, IBO) мен Жапония өкілі Риота Мурата (WBA Super) әлем чемпиондары болып саналады. 

- Чемпиондық айқасқа түскім келеді. Мен WBO рейтингінде екіншімін. Мунгия – рейтингідегі бірінші нөмір. Олардың менімен айқасуға келіспейтінін білемін. Өйткені оларды нокаутқа жіберетінімді біледі. Андраде? Ол қайда? Маған менің WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулым керек, - деп жазды Twitter-де Жәнібек, өзінің промоутері Боб Арумның, WBO президенті Франциско «Пако» Валькарсельдің және WBС басшысы Мурисио Сулейменнің аккаунттарын белгілеп.

Шымкент: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай атқарылған жұмыстар ауқымды
Өткен тәулікте 5317 адамнан коронавирус індеті анықталды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×