«Әлиге үлкен сенім артамын»: Головкин Ахмедовтың алдағы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Oinet.kz 27-07-2022 685

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мүддесін өзінің GGG Promotions промоутерлік компаниясы қорғайтын Әли Ахмедовтың (18-1, 14 КО) алдағы жекпе-жегі туралы ойын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_31.jpg

Қазақстандық боксшы GGG – "Канело" трилогиясының андеркартында өнер көрсетеді. Ахмедовтың қарсыласы Головкин 2013 жылы нокаутпен жеңген, атақты америкалық Габриэль Росадо (26-15-1, 15 КО) болмақ. Жекпе-жек барысында "Солтүстік Америка" IBF супер орта салмақтағы белбеуі таласқа түседі.

"Мен Али үшін оның келесі жекпе-жегі DAZN PPV-да болатынына өте қуаныштымын. Және бұл титулдық жекпе-жек болады. Бұл Әлиге өзін жақсы жағынан көрсетуге және үлкен әсер қалдыруға мүмкіндік береді. Промоутер ретінде мен Әлиге үлкен сенім артамын және оның атын шығаратын кез келді деп ойлаймын", - дейді Головкин.

Түркістан: Жастардың жаңа жобаларына 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі
Әйелін өлтіріп артынша өзіне қол салған әкім кеңесшісі туралы әкім мен көршілері шындықты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу