Түркістан: Жастардың жаңа жобаларына 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі

Oinet.kz 26-07-2022 828

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінен бастап жастардың осал топтары арасында пилоттық жобаны іске асыруға арналған «ZHAS PROJECT» гранттық жобасы іске қосылды.  Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млн теңгеге дейін гранттар беріледі. Түркістан облысына 63 грант бөлініп отыр. Бұл туралы брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар саясатын үйлестіру басқармасының басшысы Тастемір Ақұлан мәлімдеді. 

3c861e1a-7617-457f-8f53-d856f7527235.jpg

Сондай-ақ, брифинг қатысқан Қазақстан Жастар Конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов жобаның негізгі мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарды қоғамның тіршілігіне тарту, араластыру екендігін айтты. 

«Жобаға әлеуметтік жобалары бар NEET санатындағы Түркістан облысының 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Өтінімдер www.zhasproject-turkestan.kz сайтында қабылданады және ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін жалғасады»,- деді Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының директоры Ерасыл Төлебаев. 

 Жоба - жұмыссыз ретінде тіркелген жастарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы 18 бен 29 жас аралығындағыларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға, мүгедектігі бар жастарға арналған. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Кедейлердің Болат Назарбаевтың ауырып жатқанына неге күліп жатқанын түсіне алмадым
«Әлиге үлкен сенім артамын»: Головкин Ахмедовтың алдағы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу