Серік Абас-шахтың қызы АҚШ-та тұрмысқа шықты

Oinet.kz 20-12-2020 998

Белгілі продюсер, журналист Серік Абас-шахтың қызы АҚШ-та тұрмысқа шықты. Ғашықтар қуанышын мұхиттың ар жағында атап өтті. Бұл туралы продюсердің өзі мәлімдеді. 

Серік Абас Шахтың қызы.jpg

Продюсердің тұңғышы АҚШ-тың Аризона штатында тұрмысқа шықты. Ата-аналары қазіргі пандемияға байланысты қос ғашықтың қуанышына бара алмаған. Есесіне онлайн бата беріп, ақ тілегін айтты. 

"Тұңғышым тұрмысқа шықты. Мұхиттың ар жағында өткен тойға онлайн қатысып, ақ батамызды бердік, ақ тілегімізді айттық. Екі жас бақытты болсын!

Құдай қаласа, (құжат визаланса), бала-шаға мен туған-туысты ертіп, Аризонаның ыстығында екі қолды жайып, нағыз “южандарша” билеп-тойлап, дүрілдетіп қайтамыз ба деп үміттеніп отырмыз, келесі жылы", - деп жазды Серік Абас-шах. 

Продюсердің қызы Тоғжан Серікқызы Әділет есімді қазақ жігітіні жары атанды.

Алматыда "MEGA", "Dostyk Plaza" сауда үйлерін жармақ болған террористер сотталды
Әнші Динара Қырықбаева ажырасқанын мәлімдеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу