Алматыда "MEGA", "Dostyk Plaza" сауда үйлерін жармақ болған террористер сотталды
Алматыда бірнеше жарылысты ұйымдастырмақ болған террористерді соттады. Inbusiness.kz порталының хабарлауынша, жиһатшылар "MEGA", "Dostyk Plaza", прокуратура, әкімдік, Тәуелсіздік монументі, "ASI-барда" жарылыс ұйымдастырмақшы болған.
Тергеушілер 30 жастағы Олдар С. исламды өз бетімен зерттеп, әскери қимылдарға қатысуға дайын болған. Ол өзін Солтүстік Кавказ содырларының радикалды уағыздаушысы Александр Тихомировтың идеясына адал деп санады, ол басқаша Бурят Саид ретінде танымал (2010 жылы наурызда терроризмге қарсы операция кезінде өлтірілген).
Олдар С.-қа басшылық жасаған Абу Усман есімді шетелдік адам болып шықты, алай тергеу оның нақты кім екенін анықтаған жоқ.
Telegram арқылы бағыт берушілері "MEGA Park", "ASI-бар" ғимараттарын суретке түсірткізген. Тәуелсіздік монументін, Алматы әкімдігі ғимаратын, қала прокуратурасын, "Dostyk Plaza" сауда үйін суретке түсіруге тапсырма беріп отырған. Қаңтар ортасында Абу Усман Амирға діни таза адамдарға ант су ішуді тапсырды. Сол сияқты Мырза Ж.-да уәде беретінін айтты
28 жастағы екінші сотталушы Алматыға жұмыс іздеп келген. Ақпан айында ол С. жалға алған уақытша тұрғын үйде тұруға көшті.
Күдіктінің адвокаты оның ант беруге және әртүрлі тапсырмаларды орындауға мәжбүр болғанын атап өтті.
Бағыт берушінің тапсырмасымен әлгі күдіктілер "Тастақ" базарына барып жарылыс жасауға қажетті заттарды сатып алған. Ол үшін оларға 50 мың теңге банк картасына аударылған. Сондай-ақ, Telegram-ға бомбаны қалай жасалуы жөнінде нұсқаулық жіберген. Алай террористер бомбаны жасап үлгермеген. 14 ақпанда олар ҰҚК қызметкерлерімен ұсталған.
2020 жылдың 21 мамырында жан-жақты психологиялық-филологиялық дінтану сараптамасынан өткеннен кейін тағы екі адам қамауға алынды. Олар: Абдувели О. және Қуаныш Д. 2020 жылдың 1 маусымында қамауға алды.
Бірінші инстанциядағы сот барлық төрт айыпталушыны жеті жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы бірінші инстанция үкімін өзгеріссіз қалдырды.