Түркістан-Келес: Абайдағы мәселелер назардан тыс қалмайды
Бүгін «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Байдуллаев Файзулла Мустафинұлымен бірге Абай ауылының тұрғындарымен тұрғын-үй коммуналдық мәселелер бойынша кездесу өткіздім.
Кездесуге келген ауыл тұрғындары Сарыағаш ауданы тұсында Сарыағаш қаласында салынған көпқабатты тұрғын үй кезегінде болып, Келес ауданы қайта құрылғаннан кейін бүгінгі таңда сол кезектен негізсіз алынғандары жайлы және Абай ауылнан кезекте тұрған азаматтарға үй іргелік жер беру мәселелерін көтерді.
Азаматтарға Сарыағаш қаласындағы тұрғын үй кезегінен алу мәселесі бойынша түсініктеме беріп, партия филиалы тарапынан бұл мәселе назарда болатынын, ал үй-іргелік жер бөлу бойынша қазіргі таңдағы жағдайды жеткізіп, жерді рәсімдеу бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткіздім.