Ақтөбе ауылдық округінде "Есіктен есікке" акциясы жалғасуда
Келес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Еркін Балтабайұлы мен Кəдірбек Еркінбекұлы "ЕСІКТЕН - ЕСІККЕ» акциясы аясында Ақтөбе ауылдық округіндегі ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында партиялықтар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды Үміткерлер елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бағдарлама халықтың өмір сүруін жақсартуға бағытталғанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.