Әнші Динара Қырықбаева ажырасқанын мәлімдеді
Әнші Динара Қырықбаева ажырасқанын мәлімдеді. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында парақшасында жазды.
“Айтатын кез келді… Күйеуіммен бірге бес жыл тұрдық, үш баламыз бар. Екеуміз де оларды қатты жақсы көреміз. Бірақ біздің ажырасып кеткенімізге бір жыл болып қалды. Дегенмен бір-бірімізге көмектесіп, қолдау көрсетеміз. Қарым-қатынасымыз жақсы, себебі біз балаларымыз үшін әрдайым Әке мен Ана болып қаламыз ғой.
Менде де, балаларымда да барлығы жақсы, уайымдамаңыздар. Мені бұрыннан білетіндер хайп жақсы көрмейтінімді біледі, сондықтан осында бәрін жазып отырмын. Бұл туралы басқа ештеңе айтылмайды. Түсіністікпен қарағандарыңызға рақмет”, – деп жазды Қырықбаева.
Динара Қырықбаева осыған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында әйел бақыты, отбасында зорлық-зомбылық тақырыптарын көтеріп жүрген болатын. Сол кезде Желі қолданушылары әншінің ажырасып кеткен болуы мүмкін екенін болжап, пікірлер қалдырған еді.
“(…) Қыздар тұрмыс құрмас бұрын ойланыңыздар. Себебі, сіз ол адаммен өміріңіздің соңына дейін боласыздар. Ол қандай адам. Мені шын құрметтейді ме, ал мен ше?-деген сұрақтарға ойланыңыздар”, – деп жазған болатын әнші.
Айта кетейік, Динара Қырықбаева 2015 жылдың шілдесінде талдықорғандық Олжас есімді ер адамға тұрмысқа шыққан болатын.
2016 жылы әнші тұңғыш қызы Айшаны босанды. Ал 2017 жылы әншінің Бисұлтан есімді екінші баласы дүниеге келді. Былтыр тамызда әнші үшінші баласын дүниеге әкеліп, оған Айя есімін берген болатын.