Біртановпен байланыста болған тағы бір министр өзін оқшаулады

Oinet.kz 16-06-2020 985

Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирус қауіпті індетін жұқтырған министр Елжан Біртановпен байланысқаннан кейін өзін-өзі оқшаулады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

- "Министр өзін-өзі оқшаулады. Ол "контактілер" тізімінде - Елжан Біртановпен бірге ұшақпен ұшып келді. Бірақ таңертең аппараттық кеңес және жоспар бойынша барлық іс-шаралар өтеді. Министр үйден бәрін өткізеді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Ол Мырзағалиевтің коронавирусты анықтайтын тестінің теріс нәтиже көрсеткенін атап өтті.

- "Апта соңында ол тағы да тест тапсырады", - деп нақтылады ол.

Жақында Елжан Біртановтың "қатаң санитарлық шараларға қарамастан" коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 

Осыдан кейін Біртановпен байланыста болған премьер-министр Асқар Мамин, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров өзін-өзі оқшаулады.

Корнавирустан әлдеқайда қауіпті: Вирусологтар жаңа вирустың пайда болғаны туралы айтты
Коронавирус жұқтырған Елжан Біртановтың жағдайы белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу