Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Пекиндегі базарлардың бірінде коронавирустың жаңа түрі пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпара агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты
Бул осыған дейін пайда болған коронавирустан әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы Ухань университетінің медицина бөлімінің профессоры Ян Чжаньцю айтып берді.
"Эволюция барысында вирустың жұқпалы деңгейі жоғарылауы немесе әлсіреуі мүмкін. Бірақ мен Синьфади нарығында анықталған SARS-CoV-2 коронавирусы Ухандағы Хуанан нарығындағыдан гөрі жұқпалы деп санаймын", - деді вирусолог.
Сарапшы денсаулық сақтау комитеті жаңа вирус туралы өткен жылдың желтоқсан айының соңында ресми түрде хабарлағанын, 2020 жылдың 17 қаңтарына дейін 62 расталған жағдай тіркелгенін, бұл Пекинде анықталған жағдайлардың санына аз екенін жеткізген. Қазір техникалық мүмкіндіктер әлдеқайда жақсы және өткізілген сынақтар саны анағұрлым көп болғанымен, нәтижелер әлі де белгісіз дейді ол.
Оның айтуынша, Бейжіңдегі жағдай мен Уханьдағы жағдайдың айырмашылығы - Қытай айтарлықтай тәжірибе жинақтап, тиімді қорғаныс тетіктерін құрды, соның арқасында эпидемияны бақылау мен күресу үшін қажетті шараларды тез қабылдады.
Алайда ол вирустың жаңа аурулары мен штаммдарының пайда болуы вакциналарды зерттеу мен жасауды қиындататынын мойындады.
«People Daily» газетінің хабарлауынша, геномға қатысты бірізділік бастапқы мәліметтер бойынша, Синфади базарындағы вирус Еуропадан импортталатын сипатқа ие екенін көрсетті. Алайда инфекцияның қалай пайда болғандығы әлі анықталған жоқ - теңіз өнімдері немесе ет өнімдері арқылы немесе нарыққа келген адамдар арқылы вирус таралуы мүмкін.