Қазақстандық бокстың ардагері Серік Әбденәлиев қайтыс болды
Қазақстандық бокстың ардагері Серік Әбденәлиев қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясының сайтында жазылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі
"Қазақстандық бокс үшін орны толмас қаза болды. Отандық бокстың ардагері және аңыз адам Серік Әбденәлиұлы Әбденәлиев көз жұмды.
Ол өмірін боксқа арнады. Ол өзің бокстан үздікші спортшы ретінде тапты. Бірнеше рет ел чемпионы болды. Мемлекеттік жаттықтырушы болған кезде боксшыларымыз Атлантада олимпиаданың төрт медалін алды. Қазақстан тарихында Олимпиадада төрелік еткен алғашқы төреші. Ол Сидней олимпиадасында төреші болды. Федерация Серік Әбденәлиұлының туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.