Прокурор экс-министрді 9 жылға соттауды сұрады

Oinet.kz 14-06-2023 677

Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ қалған үш сотталушы Азамат Көшенов, Алмаз Нұрасхан және Айым Садвакасованы 8 жылға соттауды сұрады.

Screenshot_3.jpg

Kz.kursіv.medіa порталының жазуынша, 2020 жылы Ұлттық музейге «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында «Ұлы дала: кеңістік, уақыт, мәдениет» көрмесін өткізуге қаражат бөлінген. Мұхамедиұлы бес елде – АҚШ, Германия, Италия, Индонезия, Литвада халықаралық көрмелер өткізуге шамамен 1,27 млрд теңге бюджет сомасы бекітілгенін білген.

– Аталған елдердегі ұлттық музейлермен келіссөздер барысында түрлі себепке байланысты көрме өткізу туралы келісімге келе алмаған. 2020 жылдың қаңтарының басында аталған елдер ұсыныстан бас тартты. Алайда Мұхамедиұлы тоқтамай, көрме өткізетін елдерді өзгерту жөнінде шаралар қабылдады. Ол үшін 2020 жылдың 13 қаңтарында Ұлттық музейден Қазақстанның Үндістандағы елшісіне Үндістанның Ұлттық музейінде көрме өткізуге жәрдемдесу туралы хат жолдаған, – деді мемлекеттік айыптаушы Еркеғали Зәкіров.

Мұхамедиұлы Ұлттық музей директорының орынбасары Алмаз Нұрасханға «ұрлық жасауға жәрдемдесетін» жеткізушіні таңдауға заңсыз нұсқаулар берген. Ол директордың орынбасары Азамат Көшеновпен бірге «Экспонат» ЖШС-ын іске тартқан. Бұған дейін бұл ЖШС халықаралық көрмелерді өткізуде мұражайға қызмет көрсеткен. Көшенов өздерінің жоспарларына бухгалтер Айым Сәдуақасованы да араластырған.

Алайда коронавирус пандемиясына байланысты Мәдениет және спорт министрлігі ведомстволық бағынысты ұйымдарға 2020 жылдың І жартыжылдығында жоспарланған шетелдік сапарларды, мәдени-бұқаралық іс-шараларды тоқтату туралы хат түседі. Алайда Мұхамедиұлы бұл нұсқауды елемеген. 

«Мұхамедиұлы енгізілген шектеулерге қарамастан, бюджет қаражатын жымқыру мақсатымен 2020 жылдың 19-21 наурыз аралығында көрмені ресми түрде өткізуге нұсқау береді. Ал 2020 жылдың 17 наурызында Мұхамедиұлы Үндістанның Ұлттық мұражайына шұғыл түрде көрмені демонтаждау туралы шешім қабылдау туралы хат жолдаған», – делінген айыптау актісінде. 

«Даму» аудиторлық компаниясы ЖШС-ының 2022 жылдың 27 шілдедегі есебіне сәйкес, «Экспонат» ЖШС қызмет көрсетуді және тауарды жөнелтуді іс жүзінде орындамай, 221 млн 411 мың 730 теңге сомасында қызмет «атқарған». 

15 адамның өлімі - Министрді қандай жаза күтіп тұр?
Көлгіновтің түбіне трайбализм жетті ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу