Көлгіновтің түбіне трайбализм жетті ме?

Oinet.kz 14-06-2023 608

Алтай Көлгіновтің вице-премьер лауазымынан босатылуына қатысты Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев пікір білдірді.

Screenshot_4.jpg

Оның ойынша ең  бастысы тиімсіз менеджмент,  ауыз су проблемасы,  жөнсіз құрылыс. Көлгінов басқарған кездері Талдыкөлде көптеген құрылыстар рұқсатсыз жүргізілген.  Бұл қазір елорданың басты проблемасына айналған. 

Партия басшысының айтуынша, Көлгіновтің карьерасының түбіне трайбализм де кері әсер еткен. «Алтайдың өзі Түркістанның тумасы. Осында әкімдікке түркістандықтардың 80 пайыздан астамын әкелді. Бұл барып тұрған бассыздық», – деген Ертісбаев Көлгіновтің вице-премьер креслосына тартпайтынын атап өткен. 

Алтай Көлгінов 8 маусымда Президент Жарлығымен вице-премьер лауазымынан босатылған болатын. Ол бұл лауазымға былтыр желтоқсанда тағайындалған еді. Оған дейін Астананың әкімі болған. Көлгіновтің орны Тамара Дүйсеноваға бұйырды.

Алтай Көлгінов те, Тамара Дүйсенова да Оңтүстіктің тумалары.  

Прокурор экс-министрді 9 жылға соттауды сұрады
«Арнайы опергруппа жасақтап, ойына келгенін жасаған»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу