42500 теңге қажет емес болған жағдайда мемлекетке қалай қайтаруға болады

Oinet.kz 15-04-2020 1821

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев 42500 теңгелік жәрдемақының қажет болмаған жағдайда қазақстандықтар қалай қайтара алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

image.png

- "Маған бұл ақшаны мемлекетке қайтарғысы келетін азаматтар жазып жатыр. Оларға айтарым мұндай мүмкіндікті біз қарастырып қойғанбыз. ТЖ кезінде ақша аударылымын қазақстандық банктердің мобильді қосымшасы арқылы жасай аласыздар. Кейбір банктерде заңгерлік есепшотқа ақша жіберу қызметі бар", - деді шенеунік.

42500 теңгені қайтаруға арналған реквизиттер мынадай:

Бенефициар: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы

Бенефициардың банктік сәйкестендіру коды: GCVPKZ2A

Бенефициардың жеке сәйкестендіру нөмірі: KZ67009SS00368609110

Бенефициардың бизнес сәйкестендіру нөмірі: 160440007161

Бенефициадың коды: 11

Төлем мақсатының коды: 049

Бүгінгі күні 42500 теңгені алғандардың саны 2 461 653-ке жеткен. 5 миллион қазақстандық жәрдемақыға өтініш білдірген. Министрлік өкілдері олардың ішінде 3,5 миллион азамат алатынын айтып өтті. 

Қызылордада 42500 теңгені талап еткен әйелге айыппұл салынды
Коронавирус: Қостанай облысында бір науқас көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу