Қызылордада 42500 теңгені талап еткен әйелге айыппұл салынды

Oinet.kz 15-04-2020 1799

Қызылорда қаласының тұрғынына төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы мен ЖШС-нің бірінің сәулетшісіне қатысты үкім шығарылды

13 сәуірде Nur Otan партиясының облыстық филиалының ғимаратына бірнеше адам жиналған. Олар әлеуметтік көмек тағайындалғандар тізімінде бар ма, жоқ па екенін білуге келген.

Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен прокуратура қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін жиналған адамдар тарай бастаған.

Алайда 27 жастағы қала тұрғыны карантин режимінің талаптарын сақтамай, полицияның ескертулеріне мүлдем құлақ аспаған. Осыған байланысты ӘҚБтК - нің "Төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оған 10 АЕК (27 780 теңге) көлемінде айыппұл салды.

«Тапсырмасын орындамаймын»: Халқын ойлаған Нью-Йорк губернаторы Трампқа қарсы шықты
42500 теңге қажет емес болған жағдайда мемлекетке қалай қайтаруға болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу