Жапониялық қария Гиннестің рекордтар кітабына енді
Қазір 112 жастағы жапондық Титэцу Ватанабэ әлемдегі ең қарт адам ретінде Гиннесс рекордтар кітабының куәлігін алды. Куәлікті қарияға сәрсенбі күні Киодо агенттігі берді.
Қазірде қария Ватанабэ Ниигаттада қарттар үйінде өмір сүреді екен.
Ватанабэ 1907 жылы 5 наурызда шаруа отбасында дүниеге келген, ал 20 жасында Тайвань қаласына көшіп, 18 жылын сонда өткізеді. Оған дейін әлемдегі ең қарт адам Хоккайдо аралынан Масадзо Нонака болып саналды.