Алматыда 3 бала мұздың астына түсіп, батып кетті

Oinet.kz 13-02-2020 3186

Алматыда 3 бала мұздың астына түсіп, батып кетті. Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіруді аяқтады, деп жазады Oinet.kz порталы Bag.kz-ке сілтеме беріп.

мұз.jpg

Біз балалардан айырылып қалдық. Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиевтің қаза тапқаны туралы қайғыра хабарлаймын. Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біздің балалар мұзы жұқа су айдынында көз жұмды. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерді тергеу жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым, - деп жазды Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында. 

Зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетіледі. Тергеу барысы Алматы қаласы әкімінің жеке бақылауына алынды.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы тағайындалды
Жапониялық қария Гиннестің рекордтар кітабына енді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу