Қордайдағы қақтығыста қарияны соққыға жыққандар ұсталды

Oinet.kz 10-02-2020 1108

Қордайдағы қақтығыстан зардап шеккен қарияның екі баласын соққыға жыққандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Ойнет порталы

photo_307983.jpeg

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев баспасөз мәслихатында айтты. Одан журналистер "Қарияның екі баласын ұрып-соққандар туралы ақпарат болды, олар ұсталды ма? Қандай жазаға тартылады?" деп сұрады.

- Ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, олардың қалай жазаланатыны тергеу аяқталып, сот үкімі шыққанда анықталады. Кеше бізге полицейлерді ұрып-соққандар туралы да сұрақ қойылды. Олар да ұсталды. Ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр, - деп жауап берді Сапарбаев.

Бұған дейін Азамат Ерғали есімді Facebook қолданушысы Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада жатқан зейнеткердің жағдайын сұраған. Өз кезегінде қария қазақстандықтардан өшікпеуді сұраған болатын. 

"Атамыз сау, жағдайы мәз емес. Біраз соққы жеген. Операцияға дайындалып жатқан атаның жағдайы қиын болғанымен, біздің Төлеген ата халықтан өшікпеуді сұрады. Бейбітшілік болса дейді. Ешқандай өш алудың керегі жоғын, халық зардап шегетін салдардың қажеті жоқ екенін айтты. Біздің аталарымыздың жомарттығы бұл. Соларға құлақ асайық", - деген еді қартпен кездесуді видеоға түсірген Азамат Ерғали. 

Мәжілісмендер бір күндік жалақысын Қордайда зардап шеккендерге аударды
Түркістан қалалық емханасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу