Түркістан қалалық емханасы
– Бейбіт Орынбекұлы, сіз басшылық ететін медициналық ұйым Қазақстандағы тіркелген тұрғыны ең көп емхана саналады. Үлгеру қиын емес пе?
– Түркістан қалалық емханасы 201 мың тұрғынға медициналық көмек көрсетеді. Мұнда қазіргі таңда 297 дәрігер, 1013 орта буын қызметкері еңбек етеді. Жұмыс жүйеленген, барлығы да өз ісін жетік меңгерген мамандар. Сондықтан ешқандай қиындық жоқ. Емхана
Біз жыл сайын жоспарлы түрде мамандарды біліктілік арттыру курстарына және заман талабына сай қажеттілікке орай жетіспей жатқан мамандарды қайта даярлаудан өткізу жұмыстары жүргізіледі. 2017 жылы сол принциппен 114 дәрігер біліктілік арттыру курсына барса, 5 дәрігер қайта даярлау курсынан өткен. 609 мейірбике білімін жетілдірген. Кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын министрлік нақты іс жүзінде денсаулық сақтау саласындағы қажеттілікке сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады. Қазақстанда біліктілікті арттыру және қайта даярлау республикалық бюджеттік бағдарламалар, жергілікті бюджет және ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Осылайша, біліктілікті арттырудағы жалпы қажеттілік толық көлемде қамтамасыз етіледі.
Жоғарыда атап көрсетілгендей Түркістан қаласы ішінде орналасқан бөлімшелерімізге бейіндік мамандарды шоғырландырудамыз деп, сол арқылы пациенттердің қала ішінде қатынауын тоқтатып, қажетті деген мамандарды жергілікті жерге отырғызып медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру негізгі мақсат. Сонымен қатар ауылдық округтерде Түркістан қалалық емханасына қарасты 14 дәрігерлік емхана, 14 фельдшерлік акушерлік бекет және 4 медициналық бекетіміз бар. Соның ішінде атап өтеріміз Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан Ескі Иқан ауылдық емханамыз бар, құрамында арнайы мамандар: кардиолог, невропатолог, хирург мамандары жұмыс жасайды. Дал осындай ауылдық емхананы халқы тығыз орналасқан Шорнақ елді мекенінен ауысымына 100 адам қабылдайтын ауылдық емханасы ашылып, мамандармен толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Сол себепті алдағы уақытта аталған елді мекен науқастары қалаға келудің қажеттілігі болмайды. Сонымен қатар Түркістан қалалық емханасында жылжымалы медициналық комплекс бар, құрамында бейіндік мамандар: терапевт, окулист, невропатолог, хирург, рентген және ультрадыбыстық зерттеумен қатар лабораториялық тексеру жүргізуге жабдықталған зертхана бар. Жылжымалы медициналық комплекс жыл сайын кестеге сай Түркістан, Отырар, Созақ аудандарының шалғай ауылдарын аралап, жергілікті халыққа медициналық көмек көрсетеді.
Жедел жәрдем қызметін жақсарту мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 03.07.2017жылғы №450 «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жалпы жедел жәрдемге келіп түскен шақыртулар сараланып жіктеледі.
Барлық шақырту себептері 4 (төрт) жеделдік санатына бөлінеді:
1) шақыртулардың 1 (бірінші) жеделдік санатының себебі – өміріне тікелей қауіп төндіретін, дереу медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі;
2) шақыртулардың 2 (екінші) жеделдік санатының себебі – өміріне медициналық көмексіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі;
3) шақыртулардың 3 (үшінші) жеделдік санатының себебі –денсаулығына медициналық көмексіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі;
4) шақыртулардың 4 (төртінші) жеделдік санатының себебі – жіті сырқатынанан немесе созылмалы аурудың асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларсыз науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттің жай-күйі.
ЖМК диспетчері шақыртуды алған кезден бастап қызмет көрсету үшін ЖМК бригадасына тапсырғанға дейін шақыртуды өңдеу уақыты 5 минутты құрайды.
ЖМК бригадаларының ЖМК диспетчерінен шақыртуды қабылдағаннан бастап, пациенттің тұрған жеріне дейін жету уақыты:
1 жеделдік санатында – 10 минутқа дейін;
2 жеделдік санатында – он бес минутқа дейін;
3 жеделдік санатында – отыз минутқа дейін;
4 жеделдік санатында – алпыс минутқа дейінгі уақытты құрайды. Осы орайда қазіргі таңда Түркістан қаласы жедел жәрдем стансасында жедел медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері тыңғылықты қаралуда. Осы бұйрық негізінде 4- деңгейдегі шақыртулар емхана деңгейінде орындалуы тиіс, сол талапты орындау мақсатында қазіргі күні біз 10 жедел жәрдем көлігіне тапсырыс беріп, мамандарды дайындаудамыз. Алдағы уақытта жедел жәрдем көліктерін халықтың шоғырланған аймақтарына орналастырып, көмектің мерзімінде жетуін қамтамасыз етеміз деген мақсатымыз бар.
Еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде. Негізгі мақсат – халықтың медициналық көмекке қол жетімділігін арттыру. Осы орайда Түркістан қаласы халқына көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында көмектің қолжетімділігін артыру бағытында жұмыс атқарудамыз. Жалпы емханамыз бір ауысымда 1665 науқас қабылдау мүмкіндігіне ие.
Көмек көрсетілетін халық саны Түркістан қалалық емханасы 200823 халыққа қызмет көрсетеді: оның ішінде- ересектер: 114759, жасөспірімдер: 10126, балалар: 75938, Туу жасындағы әйелдер: 45479. Соған сәйкес емханада қазіргі таңда 29 терапиялық, 41 педиатриялық және 52 жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақтар қызмет атқарады. Ауысымына 500 адам қабылдайтын орталық емханамызда электронды табломен кезекке қою арқылы көмек көрсетіледі. Теңгерімнен теңгерімге басқа мекемелерде қолданылмай тұралап қалған медициналық құрал жабдықтарды өзімізге алу арқылы материалдық техникалық базамызды жақсартудамыз. Халықтық қала көлемінде медициналық көмекке жүгіну барысын оңтайластыру мақсатында қалада орналасқан Түркістан қалалық емханасына қарасты бөлімшелерде арнайы бейінді мамандарды шоғырландыру арқылы қол жетімділікті арттырудамыз. Алдағы уақытта науқастар қаланың бір жағынан екінші бұрышына барып дәрігер іздеп шаршамайтын болады.
Емханамыздың негізгі көрсеткіштері тоқталар болсақ, қазіргі күндегі ең өзекті мәселе бұл бала өлімі көрсеткіші. Бұл тарапта емхана қызметкерлерінің қызметінің сапасынын арқасында 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы жұмыс көрсеткіші жақсарған, атап айтқанда 2016жылы 71 нәресте шетінеп 11,0 көрсеткіш құраса, 2017жылы 39 нәресте шетінеп 7,9 көрсеткішті құрады.сонымен қатар ең белең алған ауру түрінен жүрек қан тамыр жүйесі ауруларынан қайтыс болу жағдайларыда төмендеген. 2017 жылы 220 науқас қайтыс болып 111,2 көрсеткішті құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,4 көрсеткішке жақсарған.
Халық денсаулығын жоспарлы тексеру жұмыстары бойынша 2017жылы 82053 бала, 23852 ересектер скринингтік тексеруден өткізілді. Нәтижесінде 16344 баладан сырқаттар ерте сатыда анықталып, толық сауықтындыру жұмыстары жүргізілген. Ересектерден 3756 сырқат анықталып, ары қарайғы бақылау жасау мақсатында диспансерлік бақылауға алынған.
Сонымен қатар емханамыздың құрылымдық бөлімшелерінде жалпы саны 228 күндізгі бөлім төсек орны қызмет атқарады. Мемлекет тарапынан жыл өткен сайын тәуліктік ауруханалардың төсек орнын қысқартып, күндізгі бөлімге ауыстыру қолға алынуда. Сол орайда емханамызда 2017жылы 5388 науқас емделіп, өткен жылмен салыстырғанда 695 науқасқа артық емдеген.
Медициналық қызмет көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында және емделушінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық медициналық ұйымдарда Емделушіні қолдау және ішкі аудит қызметтері ұйымдастырылған және арнайы сенім телефоны құрылған, сондай-ақ облыстық аурухана жанынан Call-орталық құрылған. Олар шағымдарды дереу тексеру және кемшіліктердің алдын алу ұстанымы бойынша жұмыс істейді. Емханамыздың арнайы сайты да бар, егер медициналық қызметкерлердің қызмет көрсетуіне көнілі толмаған пациенттер сол жерде шағымдарын қалдырса мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде кемшіліктерді жойып, жұмыс сапасын арттыру жолында қызмет жасаймыз. Сайтта әлеуметтік желілермен байланыс бар, әлеуметтік желілерде аккаунттар ашылған. Сайт екі тілде жұмыс жасайды. Денсаулық сақтау саласында пайдаланылатын нормотивтік- құқықтық актілер, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мәліметтер орналастырылған. Науқастардың емхана қызметіне қанағаттанбаған жағдайда арыз- шағым қалдыруға арналған бас дәрігердің жеке блогы бар. Түркістан қалалық емханасының арнайы сайты арқылы емхана дәрігерлерінің кезегіне жазыла алу жолдарыда қарастырылған. Медициналық қызмет нарығында бәсекелестікке қабілеттілікті қамтамасыз ету – медициналық көмектің сапасын жоғарылатудың тағы да бір құралы. Осы ретте аккредиттеу бәсекелестікті дамыту үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге жекеменшік қызмет көрсетушіні тартуға, сапаны, қолжетімділікті арттыруға және мемлекеттің қаражатын тиімді пайдалануға еркіндік береді. Қазіргі таңда Түркістан қаласында мемлекеттік тапсырыс алған 5 мекеме қызмет көрсетеді, яғни бәсекелестік жылдан жылға артып келеді. Бәсекелестік артқан жерде сапаынңда артары да сөзсіз. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу арқылы ұйымдардың дайындық деңгейінің жоғарылауын көрсетеді. Түркістан қалалық емханасы 2017 жылы аккредитациядан өту арқылы өзінің қызмет көрсету сапасының стандарттарға сәйкес екенін көрсетті. Емделушілердің хабардар болуын арттыру, транспаренттілік ұстанымдарын және медициналық ұйымдарды еркін таңдауды дамыту мақсатында министрлік сыртқы, ішкі бақылау және емделушілердің пікірлерінің нәтижелері негізінде республиканың медициналық ұйымдарын рейтингілік бағалау жүйесін енгізді. Саралау нәтижелері министрліктің сайтында орналастырылады кез келген азамат өзінің таңдау жасайтын емханасының ҚР бойынша қандай рейтингке ие екенін біле алады.
Кез келген емхана ең алдымен кадрлық ресурты реттемесе онда медициналық көмек сапасы толық болмайды. Емханамыз бойынша қазіргі таңда 297 дәрігер, 1013 орта буын қызметкері қызмет атқарады. Біз жыл сайын жоспарлы түрде мамандарды біліктілік арттыру курстарына және заман талабына сай қажеттілікке орай жетіспей жатқан мамандарды қайта даярлаудан өткізу жұмыстары жүргізіледі. 2017 жылы сол принциппен 114 дәрігер біліктілік арттыру курсына барса, 5 дәрігер қайта даярлау курсынан өткен. 609 мейірбике білімін жетілдірген. Кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын министрлік нақты іс жүзінде денсаулық сақтау саласындағы қажеттілікке сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады. Қазақстанда біліктілікті арттыру және қайта даярлау республикалық бюджеттік бағдарламалар, жергілікті бюджет және ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Осылайша, біліктілікті арттырудағы жалпы қажеттілік толық көлемде қамтамасыз етіледі.
Жоғарыда атап көрсетілгендей Түркістан қаласы ішінде орналасқан бөлімшелерімізге бейіндік мамандарды шоғырландырудамыз деп, сол арқылы пациенттердің қала ішінде қатынауын тоқтатып, қажетті деген мамандарды жергілікті жерге отырғызып медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру негізгі мақсат. Сонымен қатар ауылдық округтерде Түркістан қалалық емханасына қарасты 14 дәрігерлік емхана, 14 фельдшерлік акушерлік бекет және 4 медициналық бекетіміз бар. Соның ішінде атап өтеріміз Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан Ескі Иқан ауылдық емханамыз бар, құрамында арнайы мамандар: кардиолог, невропатолог, хирург мамандары жұмыс жасайды. Дал осындай ауылдық емхананы халқы тығыз орналасқан Шорнақ елді мекенінен ауысымына 100 адам қабылдайтын ауылдық емханасы ашылып, мамандармен толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Сол себепті алдағы уақытта аталған елді мекен науқастары қалаға келудің қажеттілігі болмайды. Сонымен қатар Түркістан қалалық емханасында жылжымалы медициналық комплекс бар, құрамында бейіндік мамандар: терапевт, окулист, невропатолог, хирург, рентген және ультрадыбыстық зерттеумен қатар лабораториялық тексеру жүргізуге жабдықталған зертхана бар. Жылжымалы медициналық комплекс жыл сайын кестеге сай Түркістан, Отырар, Созақ аудандарының шалғай ауылдарын аралап, жергілікті халыққа медициналық көмек көрсетеді.
Жедел жәрдем қызметін жақсарту мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 03.07.2017жылғы №450 «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жалпы жедел жәрдемге келіп түскен шақыртулар сараланып жіктеледі.
Барлық шақырту себептері 4 (төрт) жеделдік санатына бөлінеді:
1) шақыртулардың 1 (бірінші) жеделдік санатының себебі – өміріне тікелей қауіп төндіретін, дереу медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі;
2) шақыртулардың 2 (екінші) жеделдік санатының себебі – өміріне медициналық көмексіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі;
3) шақыртулардың 3 (үшінші) жеделдік санатының себебі –денсаулығына медициналық көмексіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі;
4) шақыртулардың 4 (төртінші) жеделдік санатының себебі – жіті сырқатынанан немесе созылмалы аурудың асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларсыз науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттің жай-күйі.
ЖМК диспетчері шақыртуды алған кезден бастап қызмет көрсету үшін ЖМК бригадасына тапсырғанға дейін шақыртуды өңдеу уақыты 5 минутты құрайды.
ЖМК бригадаларының ЖМК диспетчерінен шақыртуды қабылдағаннан бастап, пациенттің тұрған жеріне дейін жету уақыты:
1 жеделдік санатында – 10 минутқа дейін;
2 жеделдік санатында – он бес минутқа дейін;
3 жеделдік санатында – отыз минутқа дейін;
4 жеделдік санатында – алпыс минутқа дейінгі уақытты құрайды. Осы орайда қазіргі таңда Түркістан қаласы жедел жәрдем стансасында жедел медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері тыңғылықты қаралуда. Осы бұйрық негізінде 4- деңгейдегі шақыртулар емхана деңгейінде орындалуы тиіс, сол талапты орындау мақсатында қазіргі күні біз 10 жедел жәрдем көлігіне тапсырыс беріп, мамандарды дайындаудамыз. Алдағы уақытта жедел жәрдем көліктерін халықтың шоғырланған аймақтарына орналастырып, көмектің мерзімінде жетуін қамтамасыз етеміз деген мақсатымыз бар.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша Түркістан қалалық емханасында жұмысшы топ құрылған. Жұмысшы топ құрамында бас дәрігер орынбасары жетекшілік ететін, қосымша дәрігер статист, сарапшы, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жауапты маман және бас мейірбике кірген. Жұмысшы топ қадағалауымен жергілікті жерлерде қала көлеміндегі тұрғындарға, мемлекеттік мекемелерге, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын және жауапкершілік шектеулі серіктестіктерде түсіндірме жұмыстары жүргізілген. 2017жыл қорытындысы бойынша 60 кездесу өткізілген: соның ішінде 74132 тұрғын, 1940 медициналық қызметкер, 7874 бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, 6218 өзін өзі жұмыспен қамтығандар, 5327 кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстарымен қамтылған. Түсіндіре жұмыстарын жүргізу барысында 7132 көрнекі құралдар таратылаған (стенд, брошура, плакат). Сонымен қатар жергілікті «Түркістан», «Тұран ақпарат», «Нұрлы ғасыр» және «Аймақ» газеттерінің беттерінде 17 мақала жарық көрсе, «Қуаныш базарында» 25 рет радиохабарлама берілген. «Тұран- ақпарат» телеарнасы арқылы маусым айынан бастап аптасына 3 рет бейнеролик көрсетілуде.
Цифрлы Қазақстан жүйесіне өту мақсатында қазіргі таңда Түркістан қалалық емханасында жұмыстар атқарылуда. ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысы мен «ЦИТ ДАМУ» ЖШС директоры арасында түзілген меморандум негізінде КМИС (комплексная медицинская информационная система) бағдарламасын тәжірибеге енгізу қолға алынған. Қазіргі таңда аталмыш бағдарламамен барлық қабылдау жүргізетін дәрігерлер жұмыс атқаруда. СУР (система управления ресурсами) бағдарламасы бойынша мекемедегі барлық құрал жабдық, санитарлық автокөлік және мекеме гимартаттары енгізілген. Мамандардың жұмыстан босауы, бала күтім демалыстарына кетуі уақылы енгізілген, мониторинг жасалып отырады. Мемлекеттік egov.kz порталы қызметі бойынша Түркістан қалалық емханасында мемлекеттік қызметтерден емханаға тіркелу бойынша- 1871 қызмет, дәрігер қабылдауына жазылу – 1509 қызмет, дәрігерді үйге шақыру- 75 қызмет көрсетілген.
Қала әкімі Т. Мұсаевпен 2016жылы 2016-2020жж арналған жол карталары бекітілген. Атап айтқанда Жедел ми қан айналымы бұзылысын басқару бойынша, жедел инсультпен аурушаңдық, алғашқы мүгедектікке шығу, қайтыс болу және инсульттан кейінгі реабилитация жүргізу қадағаланып отырады. Акушерлік көмек және балалар қызметінің кіріктірілген моделінің тиімділігін арттыру жол картасы бойынша қалалық емхана тарапынан тұрақты түрде ана және бала өлімі талдаулары жасалынып, жіберілген кемшіліктер бойынша сараптау жүргізіледі. Босану жасындағы әйелдердің жүктілік алды дайындығы өткізіледі. Жарақат барысында көмек көрсетудің кіріктірілген үлгісін енгізу бойынша жол картасы негізінде тіркелген әр бір жарақат талданады. Жарақат және жазатайым оқиғалардан алғашқы мүгедектікке шығу есептеліп отырады. Асқынған миокард инфаркті барысында медициналық көмек көрсетудің кіріктірілген үлгісін енгізу бойынша қалалық емхана бойынша дәрігер кардиологтарен толық қамтамасыз етіген. Кардиостандарттар бойынша жүректің УДЗ, тредмил тест, холтер ЭКГ жасалады. Жыл сайын емханаға қарасты мекемелердің ЭКГ аппараттары жаңартылуда. онкологиялық ауруларды басқарудың кіріктірілген үлгісін енгізу бойынша жол карта бекітілген, сырқаттанушылық, өлім-жітім жағдайы, ерте және кеш диагностикалу бойынша емхананың онколог тарапынан ай сайын талдау жұмысы жіргізіледі. Әлеуметтік мәні бар аурулардың басқарудың кіріктірілген үлгісін енгізу бойынша жол картасымен жоспарлы түрде жұмыс жүргізіледі.
ҚР ДСМ 29.08.2017ж №666 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сай дәрілермен қамтамасыз ету жолға қойылған. Атап айтқанда аурулардың жыл сайынға дәрімен қамтамасыз етілуі артқан, 2016жылы жалпы бюджет 214 млн тенгені құраса 2018жылға қорғалған қаржы 370 млн тенге.