«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті
Тәртіп пен заң бәріне ортақ. Әсіресе қоғамдық орындарда тазалық және тәртіп сақтау аса маңызды. Шымкент қаласында көпшілік орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу үшін мамандар көптеген шаралар атқарып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастырып келеді.
Мәселен ағымдағы жылдың 19-23 шілде аралығында Шымкент қаласының аумағында полиция қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша 4063 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
- Ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБтК 434-бабы) бойынша – 753 жайт;
- Тыныштықты бұзу (ҚР ӘҚБтК 437-бабы) бойынша - 247;
- Қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішу (ҚР ӘҚБтК 440-бабы) бойынша - 544;
- Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы (ҚР ӘҚБтК 442-бабы) бойынша - 527;
- ҚР аумағында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру (ҚР ӘҚБтК 492-бабы) - 1088;
-Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу(ҚР ӘҚБтК 596-бабы)-19;
- Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) - 23; - Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы (ҚР ӘҚБтК-ның 615-бабы) бойынша – 342 жайт.
Сонымен қатар, іс-шара барысында тыйым салынған заттарды сақтап және алып жүрген 24 азамат анықталды. Оның ішінде: атыс қаруын ұстап жүрген – 8, суық қару алып жүрген – 5, есірткі құралдарын сақтаған -11 азамат анықталды.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында тәртіп сақшылары құқық бұзушылықты анықтап қана қоймау түсіндіру-ағарту жұмыстарын да жүргізді.