«Бозарық» қосалқы станциясына қажетті техникалар орнатылды
Еліміздегі үшінші мегаполистің энергетика саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Солардың бірі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан 160 МВт 220/110/10 кВ «Бозарық» қосалқы станциясы. Құрылысы аяқталуға жақын қалған нысан пайдалануға берілсе, қаланың солтүстік бөлігі сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі деген үміт бар.
Шымкент әкімі қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында «Бозарық» қосалқы станциясына да барды. Шаһарда энергетика саласын дамыту бағытында салынып жатқан 220/110/10 кВ «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға таяды.
Қуаттылығы 160 МВт қосалқы станцияның құрылысына жауапты мердігер мекеме – «Аврора Констракшэн» ЖШС.
Бүгінде нысанға қажетті басты құрал-жабдықтар толығымын жеткізілген. Бірқатар құрал-жабдықтар - 220 кВ автотрансформатор, 220 кВ КРУЭ, 110 кВ КРУЭ орнатылды. Қазіргі уақытта жұмыстың 99 пайызы аяқталған.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2016-2021 жылдары жүзеге асыруды жоспарлаған мердігер мекеме басшылары құрылысты биыл тамыз айында іске қосамыз деп отыр. Жобанның жалпы құны -7,9 млрд теңгені құрайды.
Мегаполис басшысы М.Әйтенов техникалардың сапалы орналастырылғанына көз жеткізіп, құрылысты жоспарға сай мерзімінде аяқтау керектігін айтты.
Айта кетейік, электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша өткен жылы 13 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып 23,5 мың адам сапалы электр қуатымен қамтылды. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 93%-дан, 95%-ға өскен.