Түлкібастың спортшылар жоғары жетістіктерге жетті
Түлкібас ауданында халықтың 32 пайызы бұқаралық спортпен айналысады. Ауданда жалпы 348 спорт ғимараты бар. Балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінде 3981 тәрбиеленуші жаттығады.
Ағымдағы жылдың 6-айлық қорытындысымен түлкібастық спортшылар республикалық турнирлерде 19-алтын, 16-күміс, 32-қола медальдарды еншілеген.
Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, 3-күміс, 8-қола иеленді. Ал әлем, Азия чемпионаттырында 1-күміс, 1-қола алған.
Аудан спортшылары сондай-ақ, Түркістан облысының чемпионаттарында 19-алтын, 13-күміс, 29-қола медальдарды иеленіп, жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп отыр.
Айта кетері былтыр халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
- Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет.
Қаржы тапшылығы кезінде мемлекет бюджеті есебінен кәсіби спорт клубтарын толықтай қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді.
Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе?! Әкімдердің жұмысын осы өлшем бойынша да бағалаймыз,-деген болатын.