Түркістанда әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді

Oinet.kz 05-11-2019 869

Қалада тағам өндірісі қарқынды дамыған. Сонымен қатар нан өндіретін наубайханалар да жетерлік. Соған қарағанда Түркістанда нанның бағасын көтеруге себеп жоқ. Түркістан қаласындағы дүкендерді нан өнімдерімен қамтамасыз ететін «Ақжол» ЖШС әкімдікпен келісімге отырған. Қазіргі таңда күніне 2000 әлеуметтік нан жауып, сауда орындарына 75 теңгеден өткізуде. Кәсіпкерлер де өнімдерін сол бағада сатып жатыр.

Наубайханада күн сайын 1-сұрыпты ұннан 25 000 дана пісірілген нан өндіріп, Түркістан қаласындағы сұраныстың 80% қамтамасыз етеді.

Наубайхана айына 1-сұрыпты ұннан 375 тонна нан шығарады, ол қаладағы 20 сауда нүктесінде сатылады, бұл азық-түлік сататын сауда орындарының жалпы санының 66%-ын құрайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында Түркістан облысының азық-түлік дүкендеріне, әлеуметтік нан өнімдерін шығаратын қайта өңдеу кәсіпорындарына (диірмендер, наубайханалар және т.б.) несие беру мәселесі қарастырылуда.

Жалпы, Түркістанда 14 әлеуметтік дүкен бар. Онда тек нан ғана емес, картоп, пияз, сәбіз секілді күнделікті тұтыну тауарлары арзан бағамен сатылымға шығарылады. Мұндағы бағаларды облыстық азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры тұрақты бақылауға алған.

Естеріңізге сала кетейік, "Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясыАҚ тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу және облыстың базарлары мен сауда нүктелеріндегі бағалардың тұрақтануын қамтамасыз етеді.

Түркістанда тағам фестивалі өтті
Туризм - экономиканың қозғаушы күші
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу