Туризм - экономиканың қозғаушы күші

Oinet.kz 04-11-2019 900

image.png

Тұғыры биік Түркістанды қазірге қала әкімінің бұйрығыменен екі бағытта дамыту қолға алынған. Олар туризм және кәсіпкерлік. Қала басшысы Рашид Аюповтың айтуынша тек осы екі бағыт дамығанда ғана Түркістанды ел, әлем таниды.

Түркістанда «Түркістан Бір жол-Бір тарих» атты халықаралық инвестициялық туристік форумы өтті. Форумға арнайы еліміздің мәдениет және спорт министірі мен Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Азиз Абдухакимов қатысты. 

Форум барысында басшылар еліміздің рухани астанасындағы туризм мен кәсіпкерліктің дамуын сөз қылды. Туризм саласын цифрландыру мен маркетингтің жаңа мүмкіндіктері мен тенденциялары талқыланды. Туризмді экономиканың  қозғаушы күшіне айналдыру үшін қандай қадамдар жасау қажеттігі сараланды.  Орта Азия елдері өзара байланысты жақсарту мен туризмге инвестиция  тарту мәселесі талқыланды. 

Сондай-ақ ісшара барысында дүйім жұрт қаланы көркейтуге, дамытуға, әлемге танытуға арналған жобалар таныстырылды.

Актоты Райымқұлова –  ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- 8:30 Биыл Отырар және Түркістан қалаларында сапар орталықтарын ашу көзделген. Ал 2020 жылы Сайрам және Сауран қалаларында осындай орталықтар ашылады. Сондай-ақ, Түркістан әуежайы пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Биыл Түркістан қаласында  қолөнершілердің ауқымды орталығы ашылады.

Төрткүл дүниеден жиналған сарапшылар туризмді дамытуға қатысты көптеген қызықты ойлар мен тың идеяларын ортаға салды. Әсіресе Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп қолға алған  Жібек жолы ортақ визасының берері мол, дейді мамандар. Форум аясында Тайқазанның 620 жылдығына орай  «Taiqazan» — Ұлы Жібек жолындағы Орта Азия елдерінің гастрономиялық фестивалі» және «Silk Road Craftsman-2019» халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесі 2 күнге жалғаспақ.  

Түркістанда әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді
Шеберлер өз ата кәсібін әлемге паш ете алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу