Түркістанда кәсіп ашуға көмектесін қандай бағдарламалар бар?

Oinet.kz 31-10-2019 967

652363_0.jpg

Білім алып, кәсіп үйренемін деушілерге, мемлекет қашан да қолдау жасайды. Бұл Жөнінде Елбасы Жолдауында да нақты көрсетілген. Ал, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы – азаматтардың өз бейіміне қарай негізінен үш бағытта жұмыс жасауы шарт. Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Түркістан қаласында атқарылып жатқан шаралар аз емес. Бүгінгі күнде Түркістанда кәсібін ашқысы немесе дамытқысы келетіндерді тәжірибеден өткізу ісі кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді.  Қазір осы бағыт бойынша көптеген азаматтар өз қалаулары бойынша қалалық кәсіпкерлік бөліміне келіп тегін кеңес ала алады. Және де кәсіпкерлікке ұмтылып жүрген тұрғындар кәсіпкерлікке байланысты мемлекет тарапынан қарастырылған бағдарламалармен таныс бола алады.

Мәселен: 

1. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы – кәсіп ашқысы келген азаматтарға қолдау көрсететін негізгі мемлекеттік бағдарлама. 

2. «Даму» Қорының міндеті – шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына  қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету.                             

Қаржылық қолдау түрлері:

  • аймақтар мен жекелеген салаларға арналған мақсатты бағдарламалар аясында екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен несиелендіру, кішігірім кредиттеу ұйымдары арқылы кішігірім кредиттеу; 

  • субсидиялау – банктердің бизнесті дамытуға бөлетін несиелерінің сыйақы мөлшерлемесін азайту;

  • кепілдендіру – банктер алдындағы кепілзаты жетпеген жағдайда жартылай кепілдеме беру;

3. «Қарапайым заттар экономикасы». Бағдарлама аясында 365 тауар өндіру түріне, оның ішінде, 118 азық-түлікке және халық тұтынатын 247 тауарға жеңілдетілген кредит беріледі. «Агроөнеркәсіп», «азық-түлік өндірісі», «жеңіл өнеркәсіп», «жиһаз және үй тауарлары өндірісі» мен «құрылыс материалдары» саласы – жеңілдетілген несие алуға қолайлы, басым жобалар болып саналады. Кәсіпкерлерді жергілікті жерде қаржылай қолдауға «Халық Банк», «Сбербанк», «АТФбанк», «ForteBank», «Цеснабанк», «Еurasion Bank» филиалдары қатысып, жеңілдетілген несиеге жетуге қолайлы жағдай жасайды. Кредиттер инвестициялық мақсатқа, яғни, жаңа өндіріс көзін ашып, дамытуға немесе жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды кеңейтуге бағытталады. 

 Айта кетелік, Бағдарлама аясында дайын өнім өндірісіне ғана емес, сондай-ақ қажетті шикізат және бастапқы өндеу өнімдерін шығаруға қолдау көрсетіледі.  

Кәсіпкер ет өнімдерімен елдің біраз өңірін қамтамасыз етіп отыр
«Қарапайым заттар экономикасы» түркістандық кәсіпкерлерді әлемдік нарыққа жетелейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу