Кәсіпкер ет өнімдерімен елдің біраз өңірін қамтамасыз етіп отыр

Oinet.kz 23-10-2019 812

Podobny obraz

Түркістан қаласы облыстағы қайнап жатқан кәсіптің отаны. Қалады әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуда мүмкіндік мол. Бизнесін ашып немесе қолда бар бизнесін әрі қарай дамытқысы клетіндер үшін мемлекет тарапынан берілер көмек те, көрсетілер қолдау да жетерлік.

"ҚАЗАҚСТАН БАРЫС 2050" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 5 жылдан бері тұтынымдық өнімдер нарығында жұмыс істеп келеді. Аталмыш серіктестік өздері өндіріп отырған ет өнімдерімен Қазақстаннның бірқатар аймақтарын қамтып отыр. Биыл "Атамекен" жобасының "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы тарапынан өндіріс мекемесіне шұжық өндірісі үшін 2,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Өндіріс орны сонымен қатар ет және үй құсының етінен өнімдер өндірумен айналысады. Өндіріс орнынының басшысы Сұлтан Құранбаевтың айтуынша жауапкершілігі серіктестік орталық тек өнім шығарып қана қоймай, қала тұрғындарын жұмыспен де қамтып отыр.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысы болашақта өз өнімінің шетелге де импортталатынына нық сенімді. Құранбаевтың айтуынша болашақта Қазақстан өз отандық өнімдерімен мақтана әлемдік нарыққа шығатын ел дәрежесіне жетеді.

Жалпы, қалада өндіріс орнын ашу, бизнеспен айналысу тұрғындардың едәуіп тұрмысын арттыратыны анық. Ел экономикасы бүкіл халық болып, біріге еңбек еткенде ғана дамиды.

Шаруа қожалығын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр
Түркістанда кәсіп ашуға көмектесін қандай бағдарламалар бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу