Бір туынды тарихы: “Нурикамал” әні

Oinet.kz 21-10-2023 230

Қазақта біз, бәріміз кішкентайымыздан тыңдап өскен не бір тамаша әндер өте көп. Солардың бірі - бүгін біз тақырыпқа арқау етіп отырған “Нурикамал” әні.

IMG-20231021-WA0001.jpg

Ән - қазақтың аяулы ақын қызы Ханбибі Есенқаразының сөзіне жазылған. Қысқаша мазмұнына тоқтала кетсек: ақынның жұбайы Тұрдықылыш Ізтаев, бір отырыста Нурикамал есімді қызға көңілі ауады. Кейін, үйге келгесін оған арнап ән жазып бастайды. Сазгердің, әсілі жұбайының сезімін, түйсігін іштей сезген ақын сол мезетте әуенге құлақ түріп, сөзін жазып берген екен деседі.  

Хабар телеарнасы түсірген аталмыш фильмнің режиссері - Бақыт Найзабеков. Фильмде басты акцент әннің өзегіне, шығу тарихына қойылған. Сұхбаттарына көбірек көңіл бөлінген. Ал, операторлық жұмысы мен актерлік шеберліктерін тағы да шыңдай түссе, фильм бұдан да әсерлі, тамаша болар еді деп ойлаймын.

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ,

Журналистика факультеті,

Кино&Медиа мамандығының

3-курс студенті - Ахан Сабыржан

Ұлттық кино өнерінің насихатталуы
Мүсірепов театрында жастар театры фестивалі өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу