Дархан Мыңбай туған жерінің жай-күйімен танысты

Oinet.kz 21-08-2021 663

Screenshot_16.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында елдің алтын ұясы - ауылдарды көркейтуге қатысты көптеген ойлар айтылады. Ауылды көркейту арқылы - мемлекетті көркейтуге болады. Себебі ауыл - елдің тамыры. Алтын қазынасы. Мемлекетке адал қызмет істейтін жастар ауылдан қалыптасып шығады. Ауыл - тәрбиенің кеніші. Осы кенішті тиімді пайдалану үшін оған құяр инвестиция да зор болғаны жөн. 

Осы орайда ауылды жерлердің жай-күйімен танысуға Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай өзі туып-өскен Түлкібас ауданына арнайы келді. Алдымен Азаттық ауылында орналасқан «Майлыкент-сүт» өндірістік кооперативінде  болып,  жұмысшылармен тілдесті. Ауыл тұрғындары осындай өндіріс құрылғыларын меңгеріп, отбасын асырап, елеулі еңбек етіп жатқан жұмысшыларға халық қалаулысы ризашылығын білдірді. Өндіріс орнында маусымдық науқан кезінде  күніне 22 тонна өнім өндіріледі. Ауданға қарасты ауыл тұрғындарының сүтін жинап, одан 12 түрлі өнім шығаратын өндіріс орыны ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, облыс аймағына өз өнімдерін өткізуде. Кооператив басшылығы халық қалаулысына өндіріс саласына бөлінетін субсидия мәселесін шешілуіне ықпал жасалса деген ұсынысын білдірді. 

Дархан Қамзабекұлы егін алқабына жол тартты.  Қауын мен қарбыздың жалпы онға жуық түрін өсіріп отырған Әжібай қария келген қонақтарға өнім түрлерін таныстырып, алдағы жоспарымен бөлісті. Халық қалаулысы шаруашылық басына жиналған ауыл тұрғындарымен кездесіп, мұң-мұқтаждарын тыңдап, егін шаруашылығы саласындағы өз ойымен бөлісті. 

Дархан Қамзабекұлымен жақында ғана  Қараағашты ауылында ашылған «Etno Park Resort» демалыс аймағында болып, туристік нысанның басшылығымен кездесті.  Кездесуде кәсіпкер ауыл тұрғындарына берілетін несиенің кепілге қойылатын мүліктің яғни, тұрғын үй немесе ғимараттың бағалау бағасы қаладағы тұрғын үй немесе ғимараттың бағалау бағасымен бірдей  болса деген өтінішін білдірді. Нәтижесінде әрбір ауылда кәсіпкерлік дамып,  ауыл тұрғындары төмен пайызбен несие алып, кепілге тұрғын үйін қойып, өз кәсібін әрі қарай дөңгелетуіне мүмкіндік  болатынын айтты. 

Шара соңында Түлкібастың әр тасының киелі, топырағының құнары мол екенін айтып, өндіріс, құрылыс пен ауылшаруашылық, руханият пен туризм саласы қатар дамыса, ауданымыздың экономикасы мен тұрғындардың әлеуметтік жағайы да артары сөзсіз екенін тілге тиек етілді. 

Түркістандық Мәжіліс депутаттары туған жерге ат басын бұрды
Мәжіліс депутаты жерлестерінің мәселелерін назарға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу