Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді

Oinet.kz 04-05-2021 1670

Елдегі жетімінің маңдайынан сипап, жесірінің қолтығынан демеп қамқорлық көрсету, қайырымдылық жасау – қазақтың қанына сіңген қасиет. Бұл асыл құндылық сонау ықылым заманнан бері халқымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жасап келеді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында жан-жақты айтылған. Елдің дамуына - бір-біріне қамқор жандар өз үлесін қосады. 

Screenshot_2.jpg

Жүзіне немесе шыққан тегіне, руына қарамай жарлыларға жақсылық жасауға жаны құмартып тұратын Жетісай ауданының жомарт жандары сондай бір игілікті істі қолға алды.

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Сағынбекұлы Мутаев пен Жетісай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Бақберген Абсенов ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының соңғы онкүндігінде қайырымдылық шарасы өтті. Жасаған құлшылықтар мен қайырымдылықтар еселеп қайтатын қасиетті айда Жетісай аудандық мәслихатының хатшысы Әлихан Утанов бастаған халық қалаулылары, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция мүшелері Рустем Наматуллаев , Жумагали Торекул, Айбек Султанмурат, Қахарбай Исаев, Алладин Мырзаханов пен Берік Байымбетовтер адами қасиеттердің қадірлісі, ұлысы болған қайырымдылық шарасын жасады.

Адамдық парызы мен қасиетін бәрінен биік қоя білетін бұл азаматтар қамқорлық жасау, оған зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосуда қалыс қалмайды. Бұған дейін де әлеуеті әлжуаз отбасыларға материалдық, моральдық тұрғыда да көмек беріп келген.

Өзінде барды өзгемен бөлісіп, көмекке мұқтаж, көңілі жарым жандардың жанына демеу болу, иісі мұсылман үшін ұлық болған Рамазан айында әлеуметтік қолдау білдіру мақсатында аудандағы Атамекен, Жылы су, Қызылқұм ауылдық округтерімен қатар Асықата кентіндегі, Жетісай қаласындағы аз қамтамасыз етілген, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі жандары бар 50-ге тарта отбасыға азық-түлік себеттерін тарту етті. Отбасыға қажетті ұннан бастап макарон өнімдері, түрлі тәттілер, картоп пен пияз, пісте майы сынды азық-түлік түрлері мен күнделікті тұтыну заттары да бар себетте.

Түркістанда Сейсенхан Маханбетовтің "Ұлы дала дастаны" атты көрмесі өтті
Тәрбиенің кеніші ауылға жағдай жасалуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу