Тәрбиенің кеніші ауылға жағдай жасалуда

Oinet.kz 28-04-2021 634

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында елдің алтын ұясы - ауылдарды көркейтуге қатысты көптеген ойлар айтылады. Ауылды көркейту арқылы - мемлекетті көркейтуге болады. Себебі ауыл - елдің тамыры. Алтын қазынасы. Мемлекетке адал қызмет істейтін жастар ауылдан қалыптасып шығады. Ауыл - тәрбиенің кеніші. Осы кенішті тиімді пайдалану үшін оған құяр инвестиция да зор болғаны жөн. 

178454026_196767382258882_4880934580698665029_n.jpg

Осыған орай Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді ауылындағы " Асықата" жалпы орта мектебінің стадионын "Ақ Алтын корпорация" ЖШС демеушілігімен қайта жаңарту жұмыстары басталып кетті. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң стандартқа сай волейбол алаңы, футбол алаңы, жүгіру жарыс жол, стрит воркаут алаңшасы күндіз- түні балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруға қызмет жасайтын болады. Балалар мен жасөспірімдерге, жастарға жасалған бұл істің болашақта берері мол болмақ. Салауатты өмір салтын ұстанған, спортпен айналысқан жастар теріс әрекетке баратын бұзақы шыға қоймасы анық. 

Және де ауылда түнгі жарықшамдар орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізу жоспарланған.

Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді
Кітап оқитын жастарды көбейту - басты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу