Заңға бағыну – түзелудің басты жолы

Oinet.kz 03-06-2026

b99dbc7e10bc26222b5d76c1390f2707.jpg

Құқықтық мемлекет құрудың негізі – заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдағы тәртіпті нығайту. Осы бағытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында түрлі профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Соның бірі Шымкент қаласындағы Әл-Фараби аудандық прокуратурасының бастамасымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №69 мекемесінде өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандар арасында қайталама қылмыстың алдын алу, олардың құқықтық сауатын арттыру және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері жазасын өтеушілерге заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіріп, құқық бұзушылықтың салдары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Мамандар қайта қылмыс жасаудың жауапкершілігі ауырлай түсетінін, мұндай әрекеттердің мерзімінен бұрын босап шығу немесе жазаны жеңілдету мүмкіндіктеріне кері әсер ететінін атап өтті. Сондықтан тәртіпті сақтау мен заң талаптарын орындау қоғамға қайта бейімделудің маңызды шарты екені түсіндірілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, сотталғандар өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Жаза өтеу тәртібі, құқықтары мен міндеттері туралы сауалдарға прокуратура өкілдері заң аясында нақты жауаптар берді.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – азаматтардың қателіктен сабақ алып, бостандыққа шыққаннан кейін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде өмір сүруіне ықпал ету. Өйткені қылмыстың алдын алу тек жазалау шараларымен шектелмейді. Ең маңыздысы – адамның құқықтық санасын өзгертіп, заңға бағынудың маңызын түсіндіру.

Бүгінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы профилактикалық жұмыстар тек түзеу мекемелерінде ғана емес, білім беру ұйымдарында, қоғамдық орындарда және жастар арасында да тұрақты жүргізілуде. Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алып, азаматтардың жауапкершілігін арттыру.

Құқықтық профилактиканың басты құндылығы – адам тағдырын сақтап қалуында. Әрбір дер кезінде айтылған ескерту мен жүргізілген түсіндіру жұмысы бір адамның өмірін өзгертіп, оның қателікке бой алдырмауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан заңды құрметтеу мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам құрудың маңызды кепілі.

«Bala Protect»: бала құқығын қорғауға бағытталған бастама
Заң мен тәртіп – жас ұрпақ қауіпсіздігінің кепілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу