Қаржылық сауаттылық – адамды өрге сүйрейді

Oinet.kz 30-05-2026

piramida.jpg

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Алмас Манатұлы қаржы пирамидаларының жұмыс істеу тәсілдері уақыт өткен сайын өзгеріп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұған дейін халықтан қаражат жинайтын тұтынушылық кооперативтер кең таралған болса, соңғы жылдары әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істейтін күмәнді жобалар көбейген. «Асар баспана» секілді кооперативтер тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету уәдесімен қаржы жинаса, бүгінде «Gold» атауымен түрлі жобалар пайда болуда. Олардың қатарында «Айка Gold», «Аяла Gold» сияқты ұйымдар бар.

Қаржылық сауаттылықты арттыру – алаяқтықтың алдын алудың маңызды тетіктерінің бірі. Осыған байланысты Қаржылық мониторинг агенттігі тек құқық бұзушылықтарды анықтап, тергеумен ғана айналыспай, халық арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Соңғы жылдары мектептерде, жоғары оқу орындарында және түрлі мекемелерде семинарлар мен кездесулер ұйымдастырылып, азаматтарға қаржылық қауіпсіздік мәселелері түсіндірілуде. Сонымен қатар қоғамдық көліктерде, сауда орталықтарында, кинотеатрларда арнайы бейнероликтер көрсетіліп, тұрғындардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға басымдық берілуде.

Көшелер мен халық көп шоғырланатын орындарда орналастырылатын алаяқтыққа қарсы ақпараттық баннерлердің де тиімділігі жоғары. Өйткені мұндай көрнекі құралдар азаматтардың назарын аударып, қаржылық пирамидалар мен интернет-алаяқтықтың қауіптері туралы маңызды мәлімет береді. Әсіресе интернетті белсенді пайдаланбайтын немесе қаржылық қауіпсіздік мәселелерінен хабарсыз тұрғындар үшін мұндай ескертулердің пайдасы зор.

Мұндай құрылымдардың басым бөлігінде ресми сайт, лицензия немесе заңды тіркеу болмайды. Олар негізінен Instagram парақшалары мен мессенджерлер арқылы жұмыс істейді. Бұл – қаржы пирамидасына тән негізгі белгілердің бірі.

Сондықтан мамандар азаматтарды қаржы салмас бұрын ұйымның заңды мәртебесін мұқият тексеруге, әлеуметтік желілердегі жарнамаларға сын көзбен қарауға және «оңай табыс» туралы уәделерге сенбеуге шақырады.

Сауатсыздықты жоюдың маңызы зор
Пирамида құрабандарын болдырмауда атқарылған жұмыс көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу