Арыста қаржылық бұзушылықтар анықталды
Түркістан облысының білім басқармасының «Арыс қаласының білім бөлімінің «№ 11 Арыс бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын) 01.04. - 31.12.2023 жыл аралығында арызда атап көрсетілген қызметкерлердің еңбек ақыларына 261 202 015 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттарды пайдалануының Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының сақталуына аудиторлық іс-шара жүргізілді. Жүргізілген аудитпен жалпы сомасы 9 155 762 теңге қамтылып, барлығы 1 060 451 теңге сомасында бюджетке өтеуге жататын қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда:
Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбек жалақыны есептеу кезінде, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексі 79 бабының 1 тармағы, 103 бабының 1 тармағы, 111 бабы 1 тармағының және 115 бабының 2 тармағы 3) тармақшасының және ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1193 қаулысының талаптары сақталуына аудит жүргізу барысында 2023 жылы «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Арыс қалалық филиалынан ашылған жеке есеп шоттарына есептеліп, төленуге тиіс қаржыдан, яғни нақтылай атқармаса да жалпы сомасы 1 060 451 теңге негізсіз артық есептелініп төлегені анықталды. Аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар ҚР заңнамаларының талаптарын басшылыққа алмағандықтан орын алған.
Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберіліп, Кәсіпорын тарапынан аудиторлық іс-шара барысында анықталған бюджетке өтеуге тиіс барлығы 1 060 451 теңге қаржыны кінәлі лауазымды тұлға тарапынан бюджетке өтелді және тиісті тұлғаға тәртіпті жаза қолданылды.
Г.Сихимбаева,
Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі, мемлекеттік аудитор,
Сәйкестік аудиті бөлімінің бас маман - мемлекеттік аудиторы